Accessibility links

Пәкістанда 4 полицей құрбан болды


Пәкістанның солтүстік-батысында 4 полицей оқ ұшты. Пешавар қаласының іргесінде полиция патруліне содырлар тасадан шабуыл жасады.
Полицияның өкілі хабарлағандай, 2 полицей сол жерде мерт болып, қалған екеуі жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.
Бұл қастандықты әзірше ешкім өз жауапкершілігіне алған жоқ.
Полицейлердің тобы Хайбер аумағына баратын жолды күзетіп жүрген еді. Осы аумақта содырлар көрші Ауғанстандағы НАТО күштеріне қажетті жүк тиілген автокөліктерге жиі шабуыл жасайды.
XS
SM
MD
LG