Перу соты жемқорлық жасап, мемлекет қаржысын ысырап қылғаны үшін елдің бұрынғы президенті Альберто Фухимориге 7,5 жыл түрмеде отыруға үкім шығарды, — деп хабарлайды Associated Press.
Экс-президент мемлекет қазынасынан 15 млн доллар қаржыны өзінің кеңесшісі, барлау басқармасының жетекшісі Владимир Монтесиносқа алып берген.
А.Фухимори соттың бұл шешімімен келіспейтінін және оны орындамауға күш салатынын мәлімдеуде.
Перудің бұрынғы президенті осы кездің өзінде билігін асыра пайдаланды және адам құқын бұзды деген айыппен 25 жылдық жазасын түрмеде өтеуде. Оны пара алу мен телефон әңгімелерін заңсыз тыңдады деген айыптау бойынша тағы бір сот процесі күтіп тұр.