Accessibility links

Вагон жөндеушілер тағы да наразылық шарасын өткізбек


Бүгін Алматыдағы «Ырысты» электрлік вагон жөндеу зауытының жұмысшылары кезекті рет наразылық шарасын өткізбек.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 23 маусым күні зауыттың 2000-нан астам жұмысшысы өздерінің 2-3 айдан бері жалақы ала алмай жүргендігін айтып, алғашқы наразылық шарасын өткізген еді.

Одан кейін 30 маусымнан бастап бір аптаға жұмыстарын тоқтататындарын мәлімдеп, зауыттың ішінде ереуіл өткізді. Жұмысшылардың негізгі талаптары зауыттың мемлекет меншігіне өтуі.

Алматы зауытының жұмысшыларына Мәскеулік әріптестері де қолдау білдіріп, 8 –шілде күні Мәскеудегі Қазақстан елшілігінің алдында наразылық акциясын өткізді.
XS
SM
MD
LG