Accessibility links

Схеффер НАТО елдерін Ауғанстанға көбірек көмектесуге шақырды


НАТО-ның қызметінен кетіп бара жатқан бас хатшысы Яап де Хуп Схеффер альянстың Ауғанстандағы миссиясына мүше елдердің көбі қатыспай отырғанына өкініш білдірді.

Лондондағы сыртқы саясат сарапшылары алдында сөйлеген Схеффер НАТО-ның барлық мүшесі бірдей тепе-теңдікте альянстың операцияларына үлес қосқанын қалайтынын айтты.

Осыған дейін АҚШ ресмилері Ауғанстандағы НАТО бастаған қауіпсіздік күштерінің барлық операцияларға қатыспай отыр деп келген. Схеффер бұл мәлімдемесінен бұрын Британия премьер-министрі Гордон Браунмен кездескенде, ол да Ауғанстанға барлық елдердің бірдей қатысқанын қалайтынын жеткізген.
XS
SM
MD
LG