Accessibility links

Әлемдік тұлғалар Эстемированы өлтірген адамды табуға шақырды


100-ден аса халықаралық тұлғалар мен зиялы қауым өкілдері, оның ішінде Нобель сыйлығының лауреаттары Ресейден адам құқын қорғаушы белсенді Наталья Эстемированы өлтірген адамды табуға шақырды.

Ресейдің Мемориал адам құқын қорғау тобында қызмет еткен Эстемированы шілденің 15-і күні біреулер Грозныйда көлікке басып әкетіп, кейін оның мәйіті көрші Ингушетиядан табылған.

Британияның Гардиан басылымында жарық көрген хатқа қол қоюшылар, Эстемирова Шешенстандағы адам құқы бұзылып жатқаны жайлы шындықты айтқаны үшін өлтірілді деген.

Қол қоюшылар қатарында Нобель сыйлығының иегерлері Ширин Ебади, Десмонд Туту, совет диссиденті Андрей Сахаровтың жесірі Елена Боннер және Чехияның бұрынғы президенті Вацлав Гавел бар.
XS
SM
MD
LG