Accessibility links

Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Алпамыс Бектұрғанов жұмысынан босатылды


Облыс әкімшілігі аппаратының жетекшісі Амангелді Дәулетжановтың хабарлауынша, Алпамыс Бектұрғанов 2008 жылдың мамыр айынан бері екі рет аттестациядан өтіп, екеуінде де «төменгі» баға алған. Оның зейнетке жақындап қалған жасын ескерген комиссия алты айдан кейін тағы бір аттестациядан өткізуге шешім шығарғанымен, шенеуніктің өзі аттестацияға келмей қалған.

«Мұның бәрі оның кәсіби дайындығы мен құқықтық мәденитін, моральдық-этикалық бейнесін көрсетеді», — деді А. Дәулетжанов.

Бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Алпамыс Бектұрғановтың өзінің тікелей бастығы, облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовті сыбайлас жемқорлық пен қызметте тамыр-таныстыққа жол берді деп айыптаған еді. .
XS
SM
MD
LG