Accessibility links

Қырғызстанда дауыс беру учаскелері жабылды


Қырғызстандағы президенттік сайлаулар басты оппозициялық кандидат Алмазбек Атамбаевтың дауыс берулер жаппай бұрмалаушылықпен өтті деп, сайлаудан бас тартуымен аяқталды.

Бұрынғы премьер-министр Атамбаев сайлауда Құрманбек Бакиевтің басты қарсыласы болған, ол дауыс берулер барысында өте көп заңбұзушылықтар орын алып жатыр деп өзінің сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді.

Ел оппозициясы сайлауға наразылық танытып, көшеге шығады деп хабарланды. Қырғызстанның ішкі істер министрі Бақыт Сейтов қандай да бір шерулер өткізу заңға қайшы болады деп, ондай жиындардың өтуіне кедергі жасалатынын ескертті.

Орталық Сайлау комиссиясы дауыс беруге қатысқандар 61 пайызды құрады деді.

ЕҚЫҰ бастаған 280 шетелдік бақылаушылар сайлауға қатысты алғашқы мәлімдемелерін жұма күні айтады.
XS
SM
MD
LG