Лондонға барған 48-дей қазақстандықтар арасында кейбір оқушылардан H1N1 вирусы табылған соң, Астана қаласындағы дәріханалардан тұмауға қарсы тамифлю дәрісін сатып алушылар бірден көбейіп, халықты үрей билеген.
Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Наталья Буенко Қазақстан бүгін агенттігіне берген сұхбатында, егер адамдар тұмау вирусы бар деп сезіктенсе, бірден дәрігерге қаралуы керек. Дәрігер доңыз тұмауының белгісін тапқан жағдайда, Тамифлю дәрісі тегін беріледі деп айтқан.
Осы ақпарат агенттігінің тағы бір хабарына қарағанда, Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық орталығының басшысы Бақыт Сейдуәлиев доңыз тұмауы вирусын жұқтырған тағы бір оқушы қыз емханаға жатудан бас тартып, дәрігерлерден қашып жүр деді. Сейдуәлиев ол қызды іздеп табу үшін өздерінің Алматы қалалық ішкі істер департаментіне жүгінуге мәжбүр болғандарын айтқан.
Жұма күні доңыз тұмауын Британиядан жұқтырып келген оқушылар саны 6-ға жетті деп хабарланған еді.
Ауру жұқтырғандардың барлығы 12-15 жас аралығындағы балалар, олар 18 маусым мен 19 шілде аралығында Ұлыбритания астанасы Лондонда оқуда болған.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, алты баланың барлығы 48 адамнан құралған топтың құрамында үш оқытушымен бірге Лондонға оқуға барған. Олар Астана әуежайына 19 шілде күні ұшып келген.