Accessibility links

Иран оппозициясы аза тұту күнін өткізбекші


Иран оппозициясының жетекшілері Мир Хоссейн Мусави мен Мехди Карруби Ішкі істер министрлігінен өткен айдағы наразылық шаралары барысында қаза болғандарға қатысты аза тұту күнін өткізуге рұқсат беруін сұрады. ИСНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оппозиция басшылары бұл жөніндегі өтініш-хатын ішкі істер министрі Садеқ Махсулиге жолдаған. Мусави мен Каррубидің айтуынша, бұл шараларда мәлімдемелер жасалмайды. Аза тұту шарасында Құраннан сүрелер оқылып, оған қатысушылар құрбан болған азаматтарды үнсіз еске алады дейді оппозиция жетекшілері.

Ұйымдастырушылар аза тұту күнін Теһранның орталығында өткізуді жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG