Accessibility links

Медведев: НАТО Грузия мен Украинаны мүше етуге әзір емес


Ресей президенті Дмитрий Медведевтің айтуынша, НАТО шын мәнінде Грузия мен Украинаны өзіне мүше етіп қабылдауға дайын емес. Жексенбі күні теледидардан сөйлеген сөзінде Медведев НАТО-ға сандаған проблемасы бар Грузияның керегі жоқ деп атап көрсетті. Бұл ұйым сондай-ақ НАТО мүшелігіне қарсылық білдіріп отырған қарапайым украиналықтардың пікірін ескеруі тиіс деді Медведев.

Өткен аптада АҚШ вице-президенті Джо Байден Украина мен Грузияның НАТО-ға мүше болуға ұмтылыстарына қолдау білдіруге уәде етті.
XS
SM
MD
LG