Accessibility links

Атырау облысында прокуратураның екі қызметкері ұсталды


Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Атырау облыстық ҰҚК департаментінің қызметкерлері бір аудандық, бір облыстық прокуратураның қызметкерін «пара алды» деген күдік бойынша ұстаған.

Атырау облыстық прокурорының орынбасары Хабибулла Қасымов өзінің қол астындағы қызметкерлерінің ұсталғанын растап берді, бірақ бұл дерекке қатысты қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты. Облыстық ҰҚК департаментінің баспасөз қызметі де бұдан толығырақ ақпарат беруден бас тартуда.
XS
SM
MD
LG