Accessibility links

Ауғанстанда күйіп қалған кәсіпкердің тағы біреуі қайтыс болды


Алматы қалалық № 4 аурухана бас дәрігерінің орынбасары Владимир Семеновтің хабарлауынша, Ауғанстанда күйікке шалынған қазақстандық кәсіпкердің екіншісі ауруханада қайтыс болды.

«Оның қайтыс болғанына бес күн болды. Қалған үш кәсіпкердің жағдайы қалпына келе бастады, енді біреуінің халі ауыр, ол жан сақтау бөлімінде жатыр», — деді бас дәрігердің орынбасары.

Қазақстандық кәсіпкердің бірі Алматыдағы ауруханада қайтыс болды, — деген ақпаратты Владимир Семенов 14- шілде күні хабарлаған еді.

Бұдан бұрын күйікке шалынған алты қазақстандықтың Ауғанстанда кәсіпкерлікпен айналысып жүрген Алматы қаласы, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының азаматтары екенін, олардың Алматыдағы № 4 ауруханаға жеткізілгенін хабарлағанбыз.

28 бен 52 жас аралығындағы бұл кәсіпкерлер Ауғанстандағы Хайратон қаласының маңында орналасқан мұнай қоймасы аумағында жарылған көліктердің кесірінен зардап шеккен.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG