Бішкектен Азаттық тілшісі хабарлағандай, Қырғызстан астанасында полиция президент сайлауына түскен үміткерлердің бірі Алмазбек Атамбаевтың рұқсат етілмеген наразылық шеруіне шыққан 100-ге тарта жақтасын ұстады. Оппозиция өкілдері Бішкектен шығатын жолға жиналып, Атамбаевтың кеңсесіне дейін жаяу жетпек болды. Сол жерде әділ сайлау өткізу талабымен митингі жоспарланған болатын.
Оның қарсаңында Бішкектің іргесінде наразылық ереуілін өткізуге тыйым салып, жиналғандарды теміржолшылардың саябағына бағыттады.
Сайлаудың ресми қорытындысы бойынша, 77 пайыздан артық дауыс алған қазіргі президент Құрманбек Бәкиев жеңіске жетті. Ресми биліктің мәлімдеуінше, 8 пайыздан сәл артық дауыс алған Атамбаев мәреге екінші болып жетті.