Accessibility links

Қазақстан келесі жылдан бастап денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін енгізбек


Қазақстан үкіметі денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспарын бекітті.

«2020 жылға дейін есептелген денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары медициналық қызмет көрсетудегі бәсекелестікті қалыптастыру, пациенттің дәрігер мен медициналық ұйымды таңдау еркі мен медициналық қызметтің ашықтығын қамтамасыз етеді», — деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев.

Министрдің мәліметінше, денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін құру екі кезеңнен тұрады. 2010-нан 2015 жылды қоса қамтитын алғашқы кезеңде туберкулез, жүйке және жұқпалы аурулардан басқа науқастарды емдеу ақысын орталықтандыру енгізіледі, ал 2016-2020 жылға дейінгі кезеңде азаматтардың ынтымақтастық жауапкершілігін қалыптастыру жоспарланған.
XS
SM
MD
LG