Accessibility links

Бас прокуратура: Алматыда ақша жинаған білім мекемелерінің жеті басшысы жұмысынан босатылған


Бас прокуратураның мәліметінше, екі оқу жылында ата-аналардан заңсыз ақша жинаған Алматыдағы білім мекемелерінің жеті басшысы жұмысынан босатылған.

Қолданылған шараларға, сондай-ақ қалалық білім басқармасының осы жылдың 3-сәуіріндегі №206 бұйрығына қарамастан заң бұзушылыққа жол берген жеті басшының бесеуі мектеп директоры да, қалған екеуі балабақша меңгерушілері, бұлар жұмыстарынан босатылған, ал тағы да сегіз мектептің директорына тәртіптік ақы өндіру шарасы қолданылды.

Бұған қоса балалардың құқын қорғау департаментінің ақпаратынша, соңғы екі оқу жылында шұғыл желіге білім беру саласындағы заң бұзушылық туралы 441 хабарлама түскен. Және осы салада 11 қылмыстық іс қозғалған.
XS
SM
MD
LG