Accessibility links

Ресей мен Америка Солтүстік Кореяға қатысты БҰҰ резолюциясының орындалуын талқылайды


Бүгін Мәскеуде Ресей мен Америка дипломаттары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Солтүстік Кореяға қатысты санкциялар туралы резолюциясының орындалу мәселесін талқылайды, — деп хабарлайды РБК.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Солтүстік Кореяға қатысты санкциялар туралы резолюциясы бұл мемлекеттің жаппай қырып-жоюмен байланысты ядролық бағдарламаларын қаржыландырмауға бағытталған. Бұл санкцияға ұшыраған солтүстік кореялық бес компанияның активтері жұмыс істемейді, ал санкция алған бес ресми тұлғаға шетелге шығуға тиым салынды.

Сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі ұйымға мүше мемлекеттерді Солтүстік Кореяға зымыран құрастыруға қажетті материалдар тасымалдамауға міндеттеді.

2009 жылдың мамыр айында Солтүстік Корея өз тарихында екінші мәрте ядролық жерасты сынақтарын өткізді, ал шілде айында кореялық әскерилер кіші радиусты бірнеше зымыран ұшырды. Әлемдік қауымдастық олардың бұл әрекетін қатал сынға алды. Осыған байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі № 1874 резолюция қабылдады.
XS
SM
MD
LG