Accessibility links

Алматыда көлік ұрлығымен айналысқан жастар тобы ұсталды


Алматы полицейлері көлікті айдап әкетумен айналысқан жастар тобын ұстады, олардың ішінде кәмелет жасына толмағандар да бар, — деп хабарлайды Қазақстан ІІМ-нің баспасөз қызметі.

Ең үлкені 26, кішісі 17 жастағы алматылықтардың ешқайсысы еш жерде жұмыс істемеген. Оларды «Toyota Land Cruiser Prado» және «Toyota Land Cruiser 200» жолсызбен жүретін екі көлікті алып кеткендері үшін ұстап алған, бұл көліктер осы жылдың маусым-шілде айларында ұрланған. ІІМ бұл топтың басқа көлік ұрлығына қатысы бар-жоғын анықтап айтқан жоқ.
XS
SM
MD
LG