Accessibility links

Билл Клинтон Пхеньянда жүр


АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон Солтүстік Кореяға дипломатиялық миссиямен барды.

Оңтүстік Кореялық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Клинтон бұл сапарында түрмеге жабылған екі американдық журналисті босатуға тырысады.

Юна Ли мен Лаура Линг маусым айында 12 жылға еңбек лагеріне жабылған болатын. Ол екеуі Қытайдағы сапарлары жайында хабар жасай жүріп, Солтүстік Кореяның шекарасын заңсыз бұзды деп айыпталды.

Ақ Үй мен АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Билл Клинтонның Пхеньянға сапарына қатысты пікір білдірмеді.

Оның бұл сапары Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына байланысты халықаралық ықпалды елдермен текетіресі кезінде болып отыр.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG