Accessibility links

Құқық қорғаушылар Өзбекстаннан журналисті босатуды талап етті


Human Rights Watch адам құқын қорғау ұйымы өзбек билігін 12 жылға түрмеге жабылған журналисті босатуға шақырды.

Журналисті қолдаушылар оның сотталуының саяси астары бар деп келеді.

Human Rights Watch-тың Азия мен Еуропа бойынша директоры Холли Картнердің айтуынша, өзбекстандық журналист Дилмурод Саидовқа біреуді бопсалады және жалған құжат жасады деген айып тағуы “әділеттің пародиясы” болды.

Саидов ақпан айында қамауға алынып, өткен аптада сотталды.

Human Rights Watch ұйымы бұл журналист Өзбекстанның Самарқанд аймағындағы жергілікті басшылардың жемқорлық істерін ашқаны үшін билік өкілдерінің нысанасына алынған деп отыр.
XS
SM
MD
LG