Accessibility links

Австралия полициясы террорлық актінің алдын алған


Австралия полициясы әскери базада жасалмақ болған жанкештілік шабуылдың алдын алғандарын және оған қатысты күдіктелген сомалилік исламшыл топтың төрт адамын ұстағандарын айтты.

Мельбурн қаласындағы бұл операцияға шамамен 400-дей полиция қызметкері тартылған.

Қамауға алынған төртеу 22 мен 26 жас шамасындағы тегі ливандық және сомалилік австралия азаматтары екен.

Австралия премьер-министрі Кевин Радд бұл астыртын әрекет елдің Ауғанстан мен Ирақтағы АҚШ бастаған күштерге өз жасағын жібергеніне наразы экстремистік топтардың нысанасына Австралия айналып отырғанын көрсетеді деді.
XS
SM
MD
LG