Accessibility links

Бүгін Дүниежүзілік ядролық қаруға қарсы күн


Бүгін Жапонияның Хиросима қаласына әлемдегі ең бірінші атом бомбасы тасталған күн. 1945 жылы тамыздың 6-сында АҚШ ұшқышы Томас Фереби басқарған «Энола Гей» атты Б-29 әскери ұшақ Жапонияның Хиросима қаласына әлемдегі ең бірінші атом бомбасын тастаған.

Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығының мәліметтері бойынша, Совет Одағы кезінде жүргізілген ядролық сынақтардың 70 пайызға жуығы қазақ жерінде жасалған. Мамандардың пайымдауынша, жалпы алғанда қазақ жерінде жүргізілген сынақ қуаты 1945 жылы Жапонияның Хиросима қаласына тастаған бомбадан 45 мың есеге күшті.

Биылғы 29 тамыз күні қазақ жерінде алғашқы ядролық жарылыстың жасалғанына 60 жыл толады. Жалпы қазақ жерінде ядролық сынақ 40 жыл жүргізіліп, 456 жарылыс болған.
XS
SM
MD
LG