Accessibility links

Англия баукеспе ұрыға рақымшылық жасады


Ағылшын үкіметі пошта поезын тонаған атышулы ұрлыққа қатысқан Ронни Биггске рақымшылық жасайтын болып шешті. Мұндай шешім атышулы ұрының денсаулығының қатты нашарлауына байланысты қабылданып отыр.
1963 жылдың тамызында 15 кісіден құрылған қарақшылардың тобымен бірге Ронни Биггс Лондон мен Глазго арасын қатынайтын пошта пойызын тонады. Ұрылар поездың жүргізушісін байлап, 2 миллион 600 мың фунт стерлинг қол ақшасын алып кетті.
30 жылға түрмеге кесілген Биггс 1 жылдан сәл асқанда түрмеден қашып, 30 жылдан астам уақыт Аустралия мен Бразилияда бас сауғалап жүрді. Алайда 2001 жылы дәрігерлік көмек сұрап Англияға қайта оралды. Ол дереу түрмеге жабылды да, көп кешікпей түрменің ауруханасына ауыстырылды.
Сенбі күні Ронни Бигсс 80-ге келді.
XS
SM
MD
LG