Жексенбі күні Владимир Путиннің билік басында отырғанына 10 жыл толды. 1999 жылдың 9 тамызында Ресейдің бірінші президенті Борис Ельцин Федералдық қауіпсіздік қызметінің директоры В.Путинді реформаларды жалғастыра алатын тұлға деп атап, премьер-министрдің міндетін атқарушы етіп тағайындады.
Одан кейін Путин 2 мерзім президент тағында отырды. Қазір ол Ресейдің премьер-министрі.
«Левада-центр» ұйымы жүргізген сауалнамаға қарағанда, ресейліктер Путиннің жетістіктері ретінде тұрмыс деңгейінің өсуі мен елдің экономикалық дамуын атап көрсетеді. Ресей азаматтары Путиннің жемқорлық пен қылмыстарға қарсы күресі және қаржы алпауыттарының ықпалын шектеуі сәтсіз болды деп есептейді.