Accessibility links

Ресми Лондон мен Теһран бір-бірін айыптайды


Англия мен Иран 12 маусымдағы президент сайлауынан кейінгі жаппай наразылық бойынша Теһранда жалғасқан сот процесіне байланысты бір-біріне өткір сын айтты. Теһрандағы сотқа ағылшын елшілігінің ирандық қызметкері тартылып отыр.
Англияның сыртқы істер министрі Дэвид Милибэнд елшіліктің ирандық қызметкері Хоссеин Рассамның сотын «арандатушылық» деп сипаттады.
Жексенбі күні Иранның ресми «Iran» газеті тағы да елдегі наразылыққа Англияның қатысы барлығын жазып, ағылшын елшілігін наразылықты ұйымдастырудың штабы деп сипаттады. «Kayhan» басылымы Лондон Вашингтонмен және Тель-Авивпен ынтымақтаса отырып, Теһрандағы көше наразылығын ұйымдастырды деп жазды.
Теһранда сенбі күні басталған сот Махмуд Ахмадинеджадтың даулы жеңісімен аяқталған президент сайлауыннан кейінгі наразылыққа қатысқандардың үстінен өтіп жатқан екінші сот.
XS
SM
MD
LG