Accessibility links

Ирақта H1N1 тұмауынан бір келіншек көз жұмды


Ирақтың денсаулық сақтау министрлігі жексенбі күні H1N1 немесе «доңыз тұмауынан» бірінші адамның қаза болғанын растады. Министрліктің өкілі Амар Әл-Хузаи хабарлағандай, елдің оңтүстігіндегі Ән-Наджаф қаласының әл-ауқаты нашар жас келіншегі «доңыз тұмауына» шалдығып көз жұмды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша, 2 миллиард адамға қатер төнуі мүмкін және өткен маусым айында бүкіл әлемдік пандемияға айналуы мүмкін деп дабыл қағылған H1N1 тұмауынан сәуір айынан бері дүние жүзі елдерінде 800-ден астам адам қайтыс болды.
XS
SM
MD
LG