Accessibility links

Р.Қадыров Эстемированың өліміне қатысы жоқтығын мәлімдеді


Чешенстан президенті Рамзан Қадыров адамның құқын қорғаушы Наталья Эстемированы өлтіруге қатысы барлығын тағы да теріске шығарды.
Азаттық радиосына берген арнайы сұхбатында Рамзан Эстемированы қалалық кеңестің төрайымы етіп тағайындап, оны мемлекеттік қызметке тартпақ болғанын, бірақ оның қызметті атқара алмағанын мәлімдеді.
Адамның құқын қорғайтын «Мемориал» ұйымының қызметкері Н.Эстемирова Чешенстандағы кісі өлтіру, азаптау және кісі ұрлау оқиғаларын тергеп жүріп, 15 шілде күні Грозный қаласында өзі ұрланды. Сол күні-ақ оның мәйіті көрші Ингушетиядан табылды.
«Мемориал» ұйымының жетекшісі Олег Орлов оның өлімі үшін чешен президенті Р.Қадыров жауапты деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG