Иран оппозициясының жетекшісі Мир Хоссейн Мусавидің көмекшісінің мәлімдеуінше, маусым айындағы даулы президент сайлауына байланысты наразылық шараларында 69 адам өлтірілген. Оппозиция сайлау бұрмаланды деп отыр. Сайлауда қазіргі президент Махмуд Ахмадинежад екінші мерзімге қайта сайланған болатын.
Билік орындарының айтуынша, толқуларда 30-ға жуық адам қаза тапқан. Бірақ Али Бехешти сейсенбі күні парламентке шерулерде құрбан болған 69 адамның тізімін жолдағанын хабарлады.
Билік орындарының айтуынша, толқуларда 30-ға жуық адам қаза тапқан. Бірақ Али Бехешти сейсенбі күні парламентке шерулерде құрбан болған 69 адамның тізімін жолдағанын хабарлады.