Accessibility links

Қазақстан үкіметі тасымалданатын қантқа квота бекітті


Қазақстан үкіметі ішкі нарықты қорғау мақсатында 2010 жылдың 1-сәуіріне дейін тасымалданатын 54,422 мыңға жуық тонна қантқа квота бекітті. Үкіметтің ресми басылымдарда жарияланған қаулысына сәйкес, қайта өңдеу үшін әкелінетін қантқа квота былайша белгіленген:

«Рахат» АҚ 14,320 мың тонна көлемінде, «Баян Сұлу» АҚ 8,19 мың тонна, «Конфеты Караганды» АҚ- 3,2 мың тонна, «Raimbek bottlers» ЖШС- 2,92 мың тонна, «RG Brands Kazakhstan» ЖШС- 6,876 тысяч тонна, «Кока-кола Алматы боттлерс» ЖШС- 5,036 мың тонна қантқа квота алған.

ҚР Сыртқы істер министрлігіне республика көлемінде қолданылып отырған сыртқы сауда жұмыстарын реттеу шаралары жөнінде Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың интеграциялық комитетін екі аптаның ішінде хабардар ету тапсырылған.

Кедендік басқару комитетіне де заңды тұлғалардың қантты бегіленген көлемде тасымалдауын бақылау мен бұл жайында Ауыл шаруашылығы мен Индустрия және сауда министрлігіне хабарлап тұру міндеттелген.
XS
SM
MD
LG