Accessibility links

АҚШ: Ресей президентінің сөзі екі елдің ынтымақтастығына себепші бола алмайды


Ресей президенті Дмитрий Медведевтің Украинаның президенті Виктор Ющенконың атына жолдаған сыни пікірлері екі елдің сындарлы ынтымақтастығына себепші бола алмайды, деп есептейді АҚШ Мемлекеттік департаменті.

АҚШ сыртқы саясат ведомствосының өкілі Филип Кроули Дмитрий Медведевтің Виктор Ющенкоға антиресейлік саясат жүргізді және екі елдің арасындағы байланысты шиеленістірді деп айыптап жолдаған хатына осындай түсініктеме берді.

Оның айтуынша, Украина егеменді мемлекет, сондықтан өз мүддесін қанағаттандыратын кез-келген шешімді қабылдауға құқы бар, сондай-ақ Украина НАТО-ға кірмек болса, оның бұл жөніндегі құқына АҚШ қолдау білдіреді.

Бұдан бұрын Ресей президенті Дмитрий Медведевтің Киевті антиресейлік саясат жүргізді және екі елдің арасындағы байланысты шиеленістірді деп айыптап, ел президенті Виктор Ющенкоға хат жолдағанын хабарлағанбыз.
XS
SM
MD
LG