Иранның президент сайлауында жеңілген үміткерлердің бірі Мехди Каруби сайлаудан кейінгі шерулерде қамауға алынған кей наразылық танытушылар түрмеде өлгенше қинап азапталған деп мәлімдеді. Оның алдында Каруби тұтқындалғандардың кейбірі абақтыда қорлық көрген деп хабарлаған болатын.
Иран билік орындары бұл айыптауларды жоққа шығарды. БҰҰ-ның азаптаулар бойынша арнайы баяндаушысының айтуынша, Иранда маусым айындағы сайлаудан кейін қамауға алынғандардың түрмеде қинап азапталғандығы туралы мәліметтер мұқият тексерілетін болады.