Иранның оппозициялық лидері Мехди Кароубидің айтуынша, елдегі сайлаудан кейінгі шерулерде ұсталған көптеген адам азапталған.
Оларды түрме сақшылары ұрып-соғып, төрт аяқты мал сияқты жүргізіп, өздері олардың үстіне отырып алған деп жарияланған Кароубидің саяси партиясының вебсайтында.
Ол мәлімдемеде, Каризак түрмесінде қамауда болғандардың кейбірін тыр-жалаңаш шешіндіріп, бір-біріне жабысып тұруға мәжбүрлеген деген мәліметтер айтылған.
Осы аптаның басында президенттіктен үміткер болған Кароуби түрмелерде бірнеше ер адам мен әйелдер жабайылықпен зорланды деп айтты.
Шерушілерге зорлық-зомбылық жасалды деген ол айыптауларды Иран парламентінің спикері Али Ларижани жоққа шығарды.
Каризак абақтысында қамалған шерушілердің біразы қаза тапқан.