Accessibility links

Талибан ауғандық сайлау учаскелеріне шабуылдар болады деді


Бүгін Талибан бүлікшілері Ауғанстанда тамыздың 20-да өтетін президенттік сайлау кезінде дауыс беру орындарына шабуыл жасалатынын айтып отыр.

Бұл туралы тәліптер Ауғанстанның оңтүстігіндегі елдімекендерге үнпарақтар тастап кеткен. Ол үнпараққа Қандағар қаласындағы партизандардың операция қолбасшысы Муллах Гулам Хайдардың қолы қойылған.

Онда дауыс берушілерге ауған үкіметі мен шетелдік күштердің одақтастары Исламның жауы ретінде қаралады деп ескертілген.
XS
SM
MD
LG