Accessibility links

«Казарсенал» ЖШС-нің лауазымды тұлғалары бас бостандықтарынан айырылды


Қауіпсіздік ережесін бұзған «Казарсенал» ЖШС-нің бірқатар лауазымды тұлғалары әр түрлі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды, — деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Казарсенал» ЖШС аймағындағы оқ-дәрілердің жарылу дерегі бойынша қылмыстық тергеуді ҚР ІІМ –нің әскери тергеу бөлімі жүргізді.

«Міндеттерін орындамай, қауіпсіздік ережесін бұзған деп «Казарсенал» ЖШС-нің филиал директорын, оның орынбасары мен бас инженерін және техикалық қауіпсіздік инженерін әр түрлі мерзімге бас бостандықтарынан айырған қылмыстық іс Арыс аудандық сотына берілді», — деді ІІМ баспасөз хатшысы Қуанышбек Жұманов.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 20-наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласының сыртында орналасқан «Казарсенал» ЖШС-нің оқ-дәрі қоймасында өрт болған. Оның кесірінен кем дегенде 3 адам қаза болып, 17-сі жараланған.
XS
SM
MD
LG