Accessibility links

Human Rights Watch: Ирақта гейлер өлтірілуде


Адам құқын қорғаушы халықаралық ұйымның хабарлауынша, Ирақта гомосексуалдар жүйелі түрде қинап-азапталып, өлтірілуде. АҚШ-та орналасқан Human Rights Watch ұйымы осы қорлық әрекеттерді тоқтату мақсатында Ирақ үкіметін тезірек қажетті шараларды қолға алуға шақырып отыр. Мұндай «әлеуметтік тазарту» ел қауіпсіздігіне қауіп төндіруде дейді аталған ұйым өкілдері.

Осы жылдың басында Бағдадтың Садр Сити ауданында бірнеше Ирақ азаматының мәйіттері табылып, олардың кеудесінде араб тілінде «бұзылғандар» мен «иттер» деп жазылған болатын. Ирақта мұндай кемсітетін сөздерді әдетте гомосексуалдарға қатысты пайдаланады.
XS
SM
MD
LG