Accessibility links

Қыркүйекте Дмитрий Медведев Қазақстанға келмек


30-қыркүйекте Ресей президенті Дмитрий Медведев Қазақстанға «Союз ТМА-16» жүк кемесінің ұшырылу салтанатына қатысуға келеді, — деп хабарлайды Новости-Казахстан.

Халықаралық ғарыш станциясының ұшу бағдарламасына сәйкес, осы жылдың 30-қыркүйегіне «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз ТМА-16» жүк кемесінің ұшырылуы белгіленген. Ұшырылу салтанатына Қазақстан мен Ресей президенттері қатысады. Бұл Ресей президентінің «Байқоңыр» ғарыш айлағына алғашқы сапары болмақ.

«Союз ТМА-16» жүк кемесінің бортында ресейлік ғарышкер Максим Сураев, американдық астронавт Джеффри Уильямс (Jeffrey Williams) пен канадалық ұшқыш Ги Лалеберте (Guy Laliberte) болады.
XS
SM
MD
LG