Accessibility links

Ресейде жанкештілік шабуылдан 20 адам қаза тауып, 130-ы жараланды


Ресейдің Ингушетия респбуликасында дүйсенбі күні полиция бекетін нысанаға алып, көлікке қойылған бомба жарылысы кемінде 20 адамның өмірін қиды. Олардың бәрі де милиция қызметкерлері. Және тағы 130 адам түрлі жарақат алды.

Ал Дағыстан елінде Махачкала қаласындағы жол бойына қойылған бомба жарылысынан бір милиция офицері мерт болып, үш адам жараланды.

Ресей президенті Дмитрий Медведев Ингушетияның милиция басшыларын қызметінен алған.

Ресей ішкі істер министрі Рашид Нургалиев сейсенбі күні Ингушетиядағы терроризмге қарсы комитеттің төтенше отырысына қатысты.
XS
SM
MD
LG