Accessibility links

Чехия Ресей елшілігінің 2 қызметкерін елден шығармақшы


Чехиялық ақпарат құралдары Чех республикасының үкіметі Прагадағы Ресей елшілігінің екі қызметкерін елден шығарады деп хабарлады.

Күнделікті шығатын “Млада Фронта Днес” басылымы елден шығарылатын екі дипломаттың бірі әскери атташе екендігін жазып отыр. Ресей елшілігінің тағы бір қызметкері демалыста жүргендіктен, чех билігі ол дипломатқа Прагаға оралмауға кеңес берген.

Чехия премьер-министрі Ян Фишер бұл мәселе бойынша пікір білдіруден бас тартты.

Ресейдің Интерфакс агенттігі Прагадағы Ресей елшілігімен байланысқанда, олар да дипломаттарды елден шығару мәліметіне қатысты пікір айтпай қойған.
XS
SM
MD
LG