Ақтөбе қалалық соты Өзбекстанда 4 ай абақтыда отырған 27 көлік жүргізушінің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне қарсы шағымын қанағаттандырмады.
Осыған дейін 27 ақтөбелік ақпанның боранды күні көрші мемлекеттің аумағына өздерінің адасып өтіп кеткендігіне шекара қызметкерлерін кінәлап, бір ай бұрын оларды сотқа берген болатын.
Олар шекара қызметкерлерінен моралдық өтемақы ретінде әрқайсысына 10 млн теңгеден талап еткен. Сот шешімі ақтөбелік жүргізушілердің талабын орынсыз деп тауып, шағымдарын қанағаттандырған жоқ.