Accessibility links

Ресейдегі апаттан кейін 62 адам табылмай жатыр


Ресейдің ең ірі су электр станциясындағы апаттан кейін 60-тан астам адам із-түссіз жоғалып кетті. Төтенше жағдайлар министрі Сергей Шойгудың мәлімдеуінше, 12 адамның қаза болғандығы расталған, 62 адам табылмай жатыр, сондай-ақ 15 кісі жарақат алған.

Дүйсенбі күні Сібірдегі Хакасия республикасында орналасқан Саян-Шушенск су электр станциясында үлкен апат орын алған болатын. Қазір құтқару жұмыстары жалғасуда.

Бүгін бұл аймақта құрбандарға байланысты аза тұту күні жарияланды.
XS
SM
MD
LG