Accessibility links

Arctic Sea кемесінде болған ресейліктер Мәскеуге жеткізілді


Arctic Sea жүк кемесінің ресейлік экипаж мүшелері мен кемені ұрлады деген күдіктілер Мәскеуге әкелінді. Кеменің ішінде 15 ресейлік болған.

Оларды дүйсенбі күні Атлант мұхитындағы Кабо-Верденің аралынан ресейлік теңіз күштері тапқан болатын.

Балтық теңізінен Алжирге қарай бағыт алған Мальтаның туы ілінген ол жүк кемесі үш аптадай хабарсыз кеткен еді.

Arctic Sea жүк кемесін Ресей, Эстония және Латвияның сегіз азаматы басып әкетіп, кеме иелерінен құнақы талап еткен.
XS
SM
MD
LG