Accessibility links

Тайвандағы «Моракот» дауылынан жүздеген адам қаза тапты


РИА Новости агенттігінің Sina жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, Тайвандағы «Моракот» дауылынан 153 адам құрбан болған.

Дауыл Қытайдың ең ірі аралында осыдан 14 күн бұрын соққан болатын. Апаттан қаза болғандардың саны әлі де болса өсуі мүмкін, себебі хабар-ошарсыз жоғалғандардың саны қазір 464 адамға жетті.

Арал тұрғындары жергілікті билікті дауыл салдарын жою жұмыстарын өте баяу жүргізуде деп айыптауда. Осы оқиғаға орай қорғаныс мекемесінің басшысы Чэнь Чжаоминь мен Сюе Сянчуань аралдық әкімшілігінің бас хатшысы қызметтерінен кетті.
XS
SM
MD
LG