Accessibility links

Иранның ядролық мәселесі қыркүйекте талқыланбақ


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі мен Германия қыркүйектің 2-де кездесіп, Иранның ядролық бағдарламасы төңірегінде қалыптасып отырған жағдайды талқылайды.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон бейсенбі күні телефон арқылы Иран мәселесі туралы әңгімелесті. Алдағы айда өтетін жиынға АҚШ, Ресей, Қытай, Франция, Британия, Германия елдерінің ресми өкілдері қатысады.

Өткен айда әлемнің алпауыт елдері егер Иран өзінің ядролық бағдарламасы туралы келіссөздер жүргізуге келіспесе, халықаралық санкцияларға тап болуы мүмкін деп ескерткен болатын.
XS
SM
MD
LG