Accessibility links

Азық-түлік корпорациясы банктік операцияларды жүргізуге мемлекеттік лицензия алды


ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау агенттігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, агенттіктің осы жылдың 10-тамызындағы бұйрығына сәйкес, Қазақстанның азық-түлік корпорациясы ұлттық және шетел валютасында банктік операцияларды жүргізуге мемлекеттік лицензия алған.

Қазақстанның азық-түлік келісім -шарт корпорациясы ұлттық компаниясы 1995 жылы құрылған. Бұл елдегі астық сақтаушы ірі ұйым болып табылады. Корпорация мемлекеттік астық қорын сақтаумен қатар астық өндірісін қаржыландырып, оны ішкі нарықта пайдалану мен сыртқы нарықта сатумен айналысады.
XS
SM
MD
LG