Accessibility links

АҚШ үкіметі ғасыр алаяғының ракпен ауырғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды


АҚШ үкіметі БАҚ-да жарияланған қаржылық «ғасыр пирамидасын» құрушы Бернард Мэдофф Солтүстік Каролина штатындағы түрмеде рак ауруынан өлейін деп жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды, — деп хабарлайды РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Бұдан бұрын New York Post газеті Мэдофф ұйқы безінің рагіне ұшыраған, ауруды жеңі үшін күніне 20 таблетка дәрі ішеді деп жазған болатын.

Бірақ АҚШ Федералдық түрме бюросының өкілі Трэйси Биллингсли (Traci Billingsley) өз мәлімдемесінде басылымның материалын дәлелсіз деп атап: «Б.Мэдофф жазылмайтын ауруға ұшыраған жоқ, оған әлі рак диагнозы қойылмаған», — деді.

Биллингсли сонымен бірге Butner түрмесінде солтүстікамерикандық үндістердің кейбір діни рәсімдерін өткізуге рұқсат берілгендігін, оған Мэдоффтың белсенді түрде қатысып жұргенін растады.

Бернард Мэдоффқа алданған салымшылардың қатарында АҚШ-тың танымал тұлғалары мен бақуаттары адамдары және әлемдегі ірі банктер BNP Paribas, HSBC, Credit Agricole, Societe Generale, Natixis, Nomura, Royal Bank of Scotland, UniCredit сияқты ұйымдар бар.

Маусым айының соңында 150 жылға бас бостандығынан айырылған қаржылық «ғасыр пирамидасын» құрушы, американдық қаржыгер Бернард Мэдоффтың АҚШ-тың ең жақсы түрмелерінің бірінде жазасын өтейтін болып, оның жазасын өтеу мерзімі 20 жылға қысқартылғанын хабарлағанбыз.

Енді Мэдофф түрмеден 2139 жылдың 12 қарашасы күні шығуы тиіс, яғни оның жазасын өтеу мерзімі үкімде белгіленген уақыттан 20 жылға қысқарды. 130 жыл түрмеде отыру жазасымен бірге оның 170 миллиард доллар мүлкін тәркіледі, АҚШ заңы бойынша ол келтірілген залалды үш есе көлемде қайтаруға міндетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG