Accessibility links

Сеул орбитаға жер серігін шығара алмады


Оңтүстік Кореяның бірінші ғарыш зымыраны салмағы 100 келі жер серігін орбитаға алып шыға алмады.
Ғарыш кемесінің орбитаға шыға алмауының себебі анықталу үстінде. Ресейдің көмегімен құрастырылған зымыран сейсенбі күні Оңтүстік Кореяның оңтүстігіндегі ғарыш алаңынан көтерілді.
Осыған дейін Сеул шетелдік зымырандардың көмегімен орбитаға жердің 10 серігін ұшырған болатын.
Оңтүстік Корея президенті Ли Мен Бак ғарпыш сапарын «жартылай сәтті болды» деп бағалады.
XS
SM
MD
LG