Accessibility links

Мұрат Жұманбай: «Альянс банк» АҚ-ның бұрынғы басшысын тұтқындауға санкция берілді


Алматының Медеу аудандық соты 25-тамыз күні «Альянс банк» АҚ-ның бұрынғы басшысы Жомарт Ертаевты тұтқындауға санкция берді, — деп хабарлады Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттіктің ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

Оның айтуынша, тергеу банктің басқарма төрағасы ретінде Жомарт Ертаевтың оффшорлық компанияларға 917, 38 млн доллар көлемінде несие беруге кепілдік бергенін анықтаған.

Қарыз алушылардың АҚШ облигацияларының несиесін төлеудегі өз міндеттерін орындамауының салдарынан банктің есебінен кредитордың пайдасына берілетін ақша 1,1 млрд-қа дейін өсіп кеткен.
XS
SM
MD
LG