Accessibility links

Ауғанстан: Қарзай жеңіске бір адым жақындады


Ауғанстанның қазіргі президенті Хамид Қарзай президент сайлауында алған дауыстарының саны жағынан өзінің басты бәсекелесі, бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулладан басымдығын ұлғайта түсті. Ол жайында сәрсенбі күні Ауғанстанның сайлау комиссиясы хабарлады. Оның мәліметіне қарағанда, 20 тамызда берілген сайлау бюллетендерінің 17 пайызы есептелгенде Қарзайға 43-тен 45 пайызға жуығы, ал Абдуллаға 35 пайызға жуығы берілгені анықталды.
Сайлаудың ақырғы қорытындысы бір аптадан кейін ғана мәлім болады. Қазір сайлау кезінде болған заңсыздықтар мен бұрмалаушылықтар туралы шағымдар тергелу үстінде.
XS
SM
MD
LG