Accessibility links

Алматының мектепке дейінгі мекемелерінде 24,5 мың орын жетіспейді


Қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған мәселені шешу мақсатында соңғы 20 жылда бірінші рет 480 орындық 4 жаңа балабақша тұрғызылған, тағы 3 балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Сонда да 24,5 мың орын жетіспейді.

Тәрбилелеу мекемелердегі мәселені шешу үшін қала әкімі келесі оқу жылында 7 балабақша және «100 мектеп100 аурухана» бағдарламасы бойынша «Әйгерім», «Пятилетка» ықшамаудандарында 2 мектеп ашу, сондай-ақ 2 интеллектуалдық мектеп пен 720 орындық лицей салу туралы шешімін хабарлады.
XS
SM
MD
LG