Accessibility links

Жақсыбек Күлекеев ерікті қоныстандыру колониясына ауыстырылады


«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының сотталған бұрынғы басшысы Жақсыбек Күлекеев Астананың тергеу изоляторынан Алматы облысының ерікті қоныстандыру колониясына ауыстырылады.

Бұл ақпаратты ҚазТАГ-қа растап берген ҚР Әділет министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитеті (КУИС) баспасөз қызметінің мәліметінше, Күлекеев өз еркімен колонияға ауыстыру туралы өтініш жазған.

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты өткен жылдың 13- қарашасында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Жақсыбек Күлекеевті «қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін» үш жылға бас бостандығынан айырған болатын. Бірақ, оған тағылған басты айып – «100 мың доллар пара алды» деген оқиға – бойынша Күлекеев ақталды.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Жақсыбек Күлекеев өткен жылдың 1 сәуірінде 100 мың доллар пара алды деген айыппен өзінің үйінің алдында тұтқындалған болатын.
XS
SM
MD
LG