Accessibility links

Тамыз АҚШ әскері үшін шығыны көп ай болды


Ауғанстанда американдық бір сарбаз бомбаға түсіп мерт болды. Соңғы сегіз жылдағы соғыста АҚШ әскерилері үшін тамыз айы ең шығыны көп ай болып отыр.

Осы айда АҚШ әскерінің 45 мүшесі қаза тапты. НАТО қолбасшылығы таратқан мәлімдемеде Ауғанстанның шығысындағы әскерилердің көлігі бомбаға түсті делінген.

Жалпы 2001 жылдан бері ауған жерінде Құрама Штаттардың 732 әскері опат болған.
XS
SM
MD
LG